ҚР ҰҚК

Қазақстаннан 200 млн теңгеге темекіні заңсыз алып шықпақ болған

ҰҚК Батыс Қазақстан облысының шекарасы арқылы темекі өнімдерін заңсыз тасымалдаудың жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 17 қазанда «Шаған» автокөлік өткізу пунктінде болған. .

336 мың қорап темекі өнімдерін ілеспе құжаттарсыз, құрылыс материалдары түрінде Мемлекеттік шекарадан өткізуге әрекеттенген. Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 200 млн теңгеден асады, - делінген мәліметте.

Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін өңірдегі Мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.