Жаңалықтар

Қазақстанға жіберілген 43 тонна қызанақтан вирус табылды

Қазақстанға жіберілген 43 тонна қызанақтан вирус табылды
Фото: Pixabay.com 10.04.2023 16:06 902

Түркістан облысында шеттен жеткізілген 43 тонна қызанақтан біздің елде жоқ вирус анықталды. Өнім Сарыағаш ауданында орналаскан шекара бекетінде тексерілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фитосанитариялық бақылау инспекторлары томат өнімдерінен «қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» мен «қызанақтың қола түстес тоспо вирустарын» тапқан. Қызанақ Түркіменстан, Өзбекстан мен Иран елдерінен жеткізілген.

Өсімдіктер карантині заң талаптарына сәйкес, жүктің иелеріне әкімшілік іс шаралар қаралып, жүктер келген елдеріне кері қайтарылды. Жалпы бұл аурулар Республика аумағына енетін болса, қызанақ, тәтті бұрыш, баялды өнімдерімен айланысатын кәсіпкер фермерлердің жылыжайларына және ашық алқапта өсірілген өнімдерге 50-70 пайызға дейін елеулі зиян келтіреді, - дейді облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ибрагим Бегасилов.

Инспекторлардың сөзінше, томат өнімдерінің мұндай қауіпті вирусы соңғы үш жылда Еуропа, Азия мен Америкада тараған. Сонымен қатар Иран, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінде де анықталып отыр. Осындай карантиндік аурулардың енгізілуі мен өнімді зиянкестерден қорғау мақсатында тексерістер жіті жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері 20-ға жуық заң бұзушылықтар анықталған. Өсімдік карантині инспекциясы тарапынан 2 млн теңгеден астам айыппұл салынып, өнімдер келген жағына кері қайтарылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға