Қазақстанға Жапонияның Еуропа істері жөніндегі бюросының бас директоры ресми сапармен келеді
17.06.2024 16:17
Фото:
Сыртқы істер министрлігі
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің брифингінде ресми өкілі Айбек Смадияр мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар аясында жапондық дипломат ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевпен кездеседі.
Тараптар Жапонияның премьер-министрі Фумио Кишиданың алдағы ресми сапары және биылғы жылдың жаз айында Астанада өтетін “Орталық Азия және Жапония диалогінің бірінші саммитіне” дайындық барысы туралы мәселелерді талқылау жоспарлауда, - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр.
Жапония Сыртқы істер министрлігінің Еуропа істері жөніндегі бюросының бас директоры Масаши Накакуми ертен Астанаға келеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

