Қазақстанға теріс діни ағымдар Назарбаевтың ымдауымен келген - депутат
Депутат Ермұрат Бәпи Мәжіліс клуарында Қазақстанға теріс діни ағымдар қалай келгенін айтып берді, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Дәлелді алыстан іздеудің не қажеті бар?Кешегі Қазақстанда пайда болған қазір дамып өркендеп, діни емес, бір саяси күшке айналған уахаббизм және салафизм идеясының негізгі қолдаушылары, дем берушілері, қаржыландырушылары – Қайрат Сатыбалды. Бұдан артық қандай дәлел керек. Қайрат Сатыбалды өзінің ағасы, ескі Қазақстанның ишаратынсыз, қолдауынсыз ешқашан ондайға бармайды? Менің ойымша, қоғамда осындай пікір бар. Қазақстанға теріс діни ағымдар 2002-2004 жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың ишарасымен, ымдауымен келген. Себебі, уахабизмде «Патшаға қарсы шықпа» деген сөз бар. Осының өзі сол кезде жеке дара билікті қолдаудың бір құралы ретінде пайдаланылды, деді депутат.
Депутат Ермұрат Бәпи Қазақстанды діни негізде бөлшектеу басталып кеткенін айтты.
Мына жақта уаххабизм, салафизмі бар, құранидтері бар. Қазақ халқын ұлттық негізде біріктірмеу керек болды. Діни негізде бөлшектеп жіберіп, бөліп билеу идеологиясы қолданылды, деді мәжілісмен.
Айта кетейік, Ермұрат Бәпи Мәжілісте депутаттық сауал жолдап, билікте уахабизм мен жат ағымдарды қолдайтын лауазымды қызметкерлер отыр дегенді айтқан еді.