Жаңалықтар

Қазақстанға келетін шетелдік туристер саны екі есе артқан

Қазақстанға келетін шетелдік туристер саны екі есе артқан
Фото: © ОКҚ 21.10.2023 06:24 946

Алғашқы алты айда ішкі туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 400 мыңға көбейіп, 3,1 млн туристі құрады, ал дәл сол кезеңде шетелдік туристер саны екі есеге өсіп, 516 мың турист елімізде саяхаттаған. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр өткен жылы қабылданған қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша аралық қорытындыларды жария етті. Атап айтқанда, балалар турпакеттер құрамында тегін ұшатын Kids go free бағдарламасы бойынша 9 айда 1800 бала тегін ұшып, 800 қазақстандық отбасы ел ішінде демалуға 80 млн теңге үнемдеген.  Министрліктің жоспарында бағдарламаның қолданысын балалар лагерлеріне, кэмпингтеріне және басқа да демалыс орындарына баратын балалардың ұйымдасқан топтарына кеңейту көзделген.

Сонымен қатар Ержан Еркінбаев туризмді дамыту үшін қажетті жаңа іс-шараларды дамыту жөніндегі тетіктермен бөлісті. Олар, туристік «Кэш Бэк» енгізу, әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде инфрақұрылым құру бойынша құзыреттер беру, туристік жобаларды жеңілдікпен кредиттеу мерзімдерін 10 жылға дейін ұлғайту, туристік брендті осы жылдың соңына дейін бекіту, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде туризм объектілерін салуға рұқсат беру, гидтердің қызметін цифрландыру және орналастыру орындарын жіктеу жүйесін жетілдіру сияқты жоспарлар.

Туристер санының өсуі турбизнес үшін табыс.  Жарты жылдың қорытындысы бойынша қонақ үйлер 100 млрд теңге пайда тапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 млрд-қа артық. Турбизнес дамыса, салық та көп түседі. Биылдың қорытындысы бойынша туризмнен 400 млрд теңге салық түседі деп жоспарлап отырмыз, - деді туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға