Қазақстанға Еуроодақтың қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі келеді
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
14.11.2022 16:31
1102
Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель 16-17 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды El.kz
«Сапар аясында Жозеп Боррельдің ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен және мемлекет басшылығымен екіжақты кездесулері жоспарланған. Келіссөздер барысында өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, тараптар Қазақстан – Еуропалық одақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды», - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ыстанбұлдағы жарылыста Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ