Жаңалықтар

Қазақстанға екі аптада 600 мыңға жуық турист келген

Қазақстанға екі аптада 600 мыңға жуық турист келген
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 18.09.2024 20:02 456

1-13 қыркүйек аралығында Қазақстанға шетелден 597 мың турист келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Туризм және спорт министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, 68 мың саяхатшы Астана және Алматы халықаралық әуежайлары арқылы, 529 мың турист авто және темір жол көлігімен келген.

Шетелдік туристердің елімізде жұмсаған жалпы шығыны - 15,5 млн АҚШ доллары (7,5 млрд теңге). Ал алыс шетелден келген туристердің орташа шығыны - 1500 АҚШ доллары.

Көшпенділер ойындарына келген туристердің Қазақстан экономикасына қосқан үлесі 625 000 АҚШ долларына жеткен.

Қазақстанға ең көп туристер Қытай (8 мыңнан астам), Үндістан (6 мыңнан астам) және Германиядан (4 мыңнан астам) келген.

1-13 қыркүйек күндері Ұлттық музейге 14 мыңнан астам, «Бәйтерек» монументіне 15 мыңға жуық, «Нұр-Әлем» павильонына 10 мыңға жуық турист барған. Ал этноауыл мен ойындарды 250 мыңнан астам адам тамашалаған

еQonaq жүйесі Астанада 12 500-ге жуық шетелдік туристі тіркеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға