Қазақстанға әкелінетін қантқа квота енгізіледі
07.06.2023 05:19
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Қазақстан аумағына қант шикізатын әкелуге квота енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қант шикізатын әкелуге арналған квотаның мөлшері 350 000 тонна болып белгіленсін. Квотаның қолданылу мерзімі – 2023 жылғы 22 сәуірден 31 желтоқсанға дейін, - деп көрсетілген Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында.
Бұған дейін 30 наурызда онлайн форматта өткен ЕЭК Кеңесінің отырысында қатысушылар Қазақстанға шикі қантты бажсыз әкелу ұсынысын бірауыздан қолдаған болатын.
Ал Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, бүгінде 18 өңір шикі қантты сатып алу және қайта өңдеу үшін 18,3 млрд теңге сомасында қант зауыттарын қаржыландырды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

