Қазақстандықтарға салынған айыппұл көлемі 300 млрд теңгеден асты
20.01.2025 17:50
Фото:
©El.kz/Артем Чурсинов
Қазақстанда 2024 жылы азаматтарға салынған жалпы әкімшілік айыппұл мөлшері алғаш рет 300 млрд теңгеден асып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қоғам белсендісі Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол сөзіне дәлел ретінде Qamqor.gov.kz порталындағы мәліметті келтірген. Соған сәйкес былтыр қазақстандықтарға жалпы сомасы 304 млрд теңге әкімшілік айыппұл салынған. Оның 190 млрд теңгесі төленген.

Фото: facebook.com/saintdid
2023 жылы жалпы салынған әкімшілік айыппұл мөлшері 185 млрд теңгені құраған. Ал 2022 жылы 159 млрд теңге болған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

