Жаңалықтар

Қазақстандықтардың жеке деректері қалай таралып кеткен? Вице-министр жауап берді

Қазақстандықтардың жеке деректері қалай таралып кеткен? Вице-министр жауап берді
Фото: © Pixabay.com 04.10.2023 12:42 956

Қазақстандықтардың жеке деректері ресейлік телеграм боттарда қалай таралып кеткен? Бұл сауалға Цифрлық даму вице-министрі Әсет Тұрысов жауап берді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл сұрақпен ақпараттық қауіпсіздік комитеті айналысып жатыр. Бұған дейін түсіндіргеніміздей, деректер анықталып жатыр. Нәтижесі белгілі болған кезде жағдайды баяндаймыз. Қазіргі кезде ештеңе айта алмаймын. Бұл мәселені білмеймін. Бірақ әріптестеріміз бұл жағдайдың қалай орын алғанын анықтайтынына және шара қабылдайтынына сенемін, - деді вице-министр мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі кулуарда.

Журналистер «Қазақстан азаматы ретінде сіз туралы барлық ақпаратты көрші елдің азаматтары біледі деген дерек қорқытпайды ма?» деп сұрады.

Бұл жерде персоналды ақпараттар өзекті. Бұл жөнінде министрлікпен бірге мәжіліс депутаттары заң жобасын қатаңдатуды қарастырды. Заң жобасында жеке бастың ақпараттары жөнінде де норматив бар, - деп жауап берді Тұрысов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға