Жаңалықтар

Қазақстандықтардың құжатын ChatGPT дайындап береді

Қазақстандықтардың құжатын ChatGPT дайындап береді
Фото: t.me/KZgovernment 21.11.2023 12:45 763

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин министрліктің азаматтардың ChatGPT сияқты сұраныстарын жылдам әрі тиімді орындау үшін жасанды интеллект технологиясын енгізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр Мусин ChatGPT қолдану азаматтарға тәулік бойы құжаттарды өңдеуге, барлық сұрақтарға жауап беруге және чатта тікелей қызмет көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ барлық облыстарда қызметтерді смартфонға немесе проактивті форматқа көшіру, сұраныстарды тек биометрика немесе QR арқылы растау енгізіледі.

Кішкентай баладан зейнеткерге дейін әлеуметтік желілерді, WhatsApp немесе Telegram мессенджерлерін пайдалана алады. Сол сияқты біздің қызметтеріміз де түсінікті және қарапайым болуы керек, - деді министр.

Мусиннің айтуынша, кейбір қызметтерді цифрлық форматта да алу қиын. Мәселен, қазір әрбір пайдаланушы электрондық қолтаңба алу, оны компьютерге орнату немесе парольді жоғалту сияқты қиындықтарға тап болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға