2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде орташа айлық жалақы 405 416 теңгені құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 11,3%-ға жоғары, ал нақты мәнде өсім 2,4%-ды көрсетті, деп хабарлайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, соңғы бес жылда орташа жалақының өсу қарқыны 1,9%-ды құраған. Бұл ретте әйелдердің жалақы өсімі ерлерге қарағанда жоғары болған.
Қызметкерлердің табыс деңгейі бойынша бөлінісі мынадай:
- 53,7% жұмысшы – айына 300 мың теңгеден жоғары алады;
- 32,5% – 150–300 мың теңге аралығында;
- 10,5% – 100–150 мың теңге шамасында;
- 3,3% қызметкер – айына 100 мың теңгеден аз табыс табады.
Толығырақ есепке сәйкес:
- 1 млн-нан астам адам айына 300–500 мың теңге табады;
- 724 мың азаматтың табысы – 200–300 мың теңге;
- 711 мың жұмысшы – 100–200 мың теңге аралығында;
- 406 мың адам – 500–700 мың теңге,
- Ал 125 мың қазақстандықтың айлығы 700–900 мың теңге көлемінде.
2025 жылы еліміздегі медианалық жалақы (жалақының орта шегі) 317 512 теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 11,1%-ға көп, ал нақты өсім 0,4%-ды құрады.
Салалар бойынша ең жоғары өсім келесі бағыттарда тіркелді:
- Қаржы және сақтандыру қызметі – +31,3%;
- Көлік және қоймалау – +24,1%;
- Ауыл, орман және балық шаруашылығы – +22,9%.
Ал ең баяу өсім байқалған салалар:
- Тұру және тамақтану қызметі – +2,7%;
- Білім беру – +5,9%.
Өңірлер арасында Астана қаласы алдыңғы орында тұр — мұнда жалақы өсімі 18%-ды құраған. Ал Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш ең төмен — 6,8%.

