El.kz/Артем Чурсинов

Қазақстандықтардың өмір сүру сапасы жақсарды – Ұлттық статистика бюросы

08.10.2025 17:31

«Халықтың өмір сүру сапасы» тақырыбы бойынша үй шаруашылықтарына жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 53,2% (өздерінің субъективті бағалауы бойынша) өмір сүру жағдайларына қанағаттанатындарын, 46,3% – жартылай қанағаттанатындарын білдірген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ауылдық жерлерде өмір сүру жағдайына қанағаттанғандар үлесі (65,4%) қалалық жерлерге қарағанда (51,7%) жоғары. 

Өткен жылғы сәйкес зерттеумен салыстырғанда, халықтың өмір сүру жағдайларына қанағаттану деңгейі 2024 жылы 52,5%-дан 2025 жылы 53,2% дейін өсті. 

Респонденттердің 51% денсаулықтарына қанағаттанатындарын, 46,4% – жартылай қанағаттанатындарын айтты. Өткен жылмен салыстырғанда (2024 жылы – 49,5%), денсаулыққа қанағаттану деңгейі 1,5 пайыздық тармаққа артты. 

Материалдық қамтамасыз етілу деңгейі (табысы) бойынша респонденттердің 73,6% өздерін орташа қамтамасыз етілгендер қатарына жатқызады. 

Респонденттердің 65,8% туыстары немесе таныстары тарапынан моральдық қолдауға сенімді екенін көрсетті. 

Сауалнамаға қатысқандардың 73% өз болашағына сенімді және келешекте жағдай жақсарады деп есептейді.