Жаңалықтар

Қазақстандықтар үшін Түркияға демалып қайту бағасы қымбаттап кетті

Қазақстандықтар үшін Түркияға демалып қайту бағасы қымбаттап кетті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 11.07.2024 18:18 695

Қазақстан бойынша Түркияға сапарлап бару құны маусым айында орта есеппен 28,5%-ға өсті. Бұл туралы Data Hab сараптамалық Telegram арнасына сілтеме жасай отырып, El.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық статистика бюросы мен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің мәліметіне сенсек, бұл қымбатшылық 2011 жылдан бері сезіліп келеді. 
Қызылорда облысынан Түркияға жолдама бағасы 82 %-ға қымбаттаса, Астана мен Алматыда 30 %-ға өсті. Шымкентте ғана баға тұрақты. 

Ресми деректерге сәйкес, Шымкенттен Түркияға барып қайту былтырға қарағанда 20%-ға арзандады. 2023 жылдың маусымында жылдық баға көрсеткіші біраз төмендеп, бел ортасына жеткен болатын,- деп түсіндірді сарапшылар. 

Десе де Қазақстанның әр аймағынан жолдамалар бағасы қандай болатыны белгісіз.Статистика орташа бағаны көрсетпейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға