Қазақстандықтар үшін қыста баруға болатын елдер
Қыс мезгілі көпшілік үшін демалысқа шығып, жаңа елдерді көріп қайтатын ең қолайлы уақыттың бірі. Ауа райының суықтығы, күннің қысқа болуы адамдарды жылы аймақтарға немесе бағасы арзан туристік бағыттарға бағыттайды. Қазақстандықтар арасында қыста шетелге шығу бұрынғыдан да жиілеп келеді. Әсіресе визасы жеңіл, жол ақысы қымбат емес, күнделікті шығындары қолжетімді елдерге сұраныс жоғары. Осы орайда, El.kz интернет порталы Қазақстандықтар үшін қыста баруға тұралық және бағасы жағынан ең қолайлы мемлекеттер тізімін ұсынды.
Түркия - жыл бойы сұранысы сақталатын бағыт
Қазақстан азаматтары үшін Түркия ең қолайлы және үнемді демалыс орнының бірі. Қыста бұл елде турист көп болмайды, сондықтан қонақүй бағасы айтарлықтай төмендейді. Ыстамбұл, Анталья мен Измирге апаратын тікелей рейстердің болуы да үлкен жеңілдік. Қыс айларында ауа райы жұмсақ, тарихи орындар мен сауда орталықтарын аралауға өте қолайлы. Күнделікті шығындар да аса қымбат емес.
Біріккен Араб Әмірліктері - жылы климат пен қолжетімді рейстер
Қыста жылы теңіз іздейтіндер үшін БАӘ ең қолайлы нұсқа. Қазір Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан Дубай мен Абу-Дабиға тікелей арзан рейстер табу өте оңай. Қандай маусым болмасын, ел қауіпсіздігі, сервис деңгейі және қысқа мерзімде сапалы демалыс ұйымдастыру мүмкіндігімен ерекшеленеді. Бағасы Түркияға қарағанда жоғары болғанымен, алдын ала броньдау арқылы қолжетімді нұсқалар табуға болады.
Таиланд - қолжетімді тропиктер
Қыста тропикалық аймаққа барғысы келетіндер үшін Таиланд ең қолайлы бағыт саналады. Билеттердің құны соңғы жылдары арзандап, Қазақстаннан чартерлік рейстер көбеюде. Пхукет, Паттайя, Бангкок сияқты қалалар қыс мезгілінде туристерге толы болса да, арзан қонақүйлер мен хостелдер көп кездеседі. Тағам, көлік және ойын-сауық бағалары да қалтаға салмақ салмайды.
Мысыр - тарихи демалысқа қызығатындарға таптырмас бағыт
Қыста Қазақстаннан Мысырға тікелей чартерлік рейстер жиі ұшады. Хургада мен Шарм-эш-Шейх демалыс орындарында қыста ауа температурасы 20-25 градус шамасында болады. Барлық қызмет түрлері “all inclusive” жүйесімен ұсынылатындықтан, бағасы да аса жоғары емес. Сонымен қатар Мысыр тарихи ескерткіштерімен, пирамидаларымен және Қызыл теңіздің суасты әлемімен тартымды.
Грузия - баға қолжетімді, мәдениеті жақын ел
Қыста баруға болатын тағы бір жақын әрі арзан бағыт - Грузия. Қазақстаннан Тбилиси мен Батумиге тікелей рейстер бар. Грузияда қыста турист аз, қонақүй мен тамақтану бағасы төмендейді. Қаланың ескі көшелерін аралау, ұлттық тағамдарды көру немесе қысқы тау-шаңғы курорттарын сынап көру барлығы да қымбатқа түспейді.
Қырғызстан мен Өзбекстан - ең жақын әрі ең үнемді демалыс
Бюджеті шектеулі азаматтар үшін көршілес елдер ең қолайлы нұсқа. Қырғызстанның Ыстықкөлі қыста тыныш әрі арзан, ал Бішкек пен Ош қалалары тарихи орындарымен ерекшеленеді. Өзбекстанда Самарқанд, Бұхара, Хиуа сияқты қалаларға бару, бағасы тиімді әрі қыс мезгілінде ауа райы жайлы. Виза қажет емес, жол ақысы да едәуір төмен.
Қыста шетелде демалу үшін қалтаға салмақ түсірмей-ақ саяхаттауға болады. Ең бастысы сенміді қосымшаларды қолданып, жатын орынды жайлы етіп таңдасаңыз жеткілікті.

