Жаңалықтар

Қазақстандықтар үшін кредиттер рекордтық мәнге дейін қымбаттады

Қазақстандықтар үшін кредиттер рекордтық мәнге дейін қымбаттады
Фото: © Pixabay.com 26.09.2023 11:23 1076

Тамыз айында қарапайым азаматтарға арналған несие мөлшерлемелері айтарлықтай өсті және орташа есеппен 20,2%-ды құрады. Бұл – 2016 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылы Қазақстанда ұлттық валютадағы кредиттер бойынша мөлшерлемелер жылдық 14,2%-дан 18,3%-ға дейін өзгерді. Бұл – Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысушы елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Алайда 2023 жылы нарықтағы пайыздар одан да жоғары болды.

Қазақстандағы кредиттер бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер ең алдымен Ұлттық банк белгілейтін базалық мөлшерлемемен шартталады.

Базалық мөлшерлеме 3 жыл бойы өсіп отырды және тек бір ай бұрын алғаш рет 16,75%-дан 16,5%-ға дейін төмендеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға