Жаңалықтар

Қазақстандықтар Түркиядағы зілзалада зардап шеккендерге 3,6 млн доллар жинап берді

Қазақстандықтар Түркиядағы зілзалада зардап шеккендерге 3,6 млн доллар жинап берді
Фото: primeminister.kz 16.02.2023 10:40 1395

Бір апта бұрын Түркия елшілігінде қаражат жинау шоты ашылған еді. Қазақстандықтар Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін 3,6 млн доллар жинады, деп  хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қазақстандағы Түркия елшілігінің ресми парақшасына сілтеме жасап. 

Бір күн ішінде Қазақстан азаматтары 216 мың доллар аударған.

"Қазақстанда жиналған ақшалай қаражат Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) ресми шотына аударылды. Қайырымдылықтың жалпы сомасы 3 млн 616 мың доллардан асты. Барлық қазақстандықтарға алғыс білдіреміз, - деп жазылған елшілік хабарламасында.

Естеріңізге сала кетсек, 8 ақпанда елшілікте апатты жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия Республикасының азаматтарына арналған қаражат жинау шоты ашылған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға