Жаңалықтар

Қазақстандықтар тамаққа қанша ақша жұмсайды

Қазақстандықтар тамаққа қанша ақша жұмсайды
Фото: El.kz 17.03.2023 17:05 1279

Маңғыстау және Түркістан облыстарының тұрғындары азық-түлікке көп ақша жұмсайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

LS жазуынша, 2022 жылдың IV тоқсанындағы үй шаруашылықтарының шығындары бойынша деректеріне сәйкес, Қазақстан бойынша орташа есеппен бір тоқсанда бір отбасының тұтыну шығындарына 788,5 мың теңге жұмсалды.

Оның ішінде азық-түлікке – 440,6 мың теңге, азық-түлік емес тауарларға – 205,9 мың теңге, ал ақылы қызметтерге – 142 мың теңге.

Егер өңірлер бойынша жағдайды қарастыратын болсақ, ең ірі шығыстар Маңғыстау облысында тіркелді. Мұнда отбасылық бюджеттен азық-түлікке – 558,2 мың теңге, азық-түлікке – 231,2 мың теңге, қызметтерге – 142 мың теңге жұмсалды.

Сондай-ақ, Түркістан облысының тұрғындары азық-түлікке ең көп жұмсаған – 549,1 мың теңге, азық-түлікке жатпайтын тауарларға – 212,4 мың теңге, қызметтерге – 119,7 мың теңге.

Ұлытау облысында азық-түлік шығыстары 519,6 мың теңге болса, азық-түлік емес тауарларға – 274,1 мың теңге, қызметтерге – 155,9 мың теңге жұмсалған.

Ең төменгі тұтыну шығыны Қостанай облысында тіркелді – 595,9 мың теңге. Мұнда азық-түлік тауарларына 299,9 мың теңге, азық-түлік емес тауарларға – 186,9 мың теңге, ал қызметтерге – 109 мың теңге жұмсалды.

Азық-түлікке ең аз қаражат жұмсаған Шымкент тұрғындары болып шықты – 342,1 мың теңге, азық-түлік емес тауарларға – 189,8 мың теңге, қызметтерге – 122,5 мың теңге.

Қазақстанның басқа облыстарының тұрғындары қанша ақша жұмсайтыны инфографикада көрсетілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға