Қазақстандықтар шілде айында неше күн демалады?
05.06.2024 16:56
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Биыл шілде айында қазақстандықтар 9 күн демалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
6 шілде – Астана күні биыл шілденің алғашқы сенбісіне түсіп тұр. Осыған байланысты, сенбі, 6 шілде күнгі демалыс дүйсенбі, 8 шілдеге ауысқан. Яғни, елімізде 6, 7, 8 шілде күні демалыс болады.
Оған қоса 13, 14 шілде, 20, 21 шілде, 27, 28 шілде сенбі-жексенбі күндері ел азаматтары әдеттегі демалыс күндеріне шығады.

