Жаңалықтар

Қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндеттеле ме

Қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндеттеле ме
Фото: © iStock 21.12.2023 12:33 1853
Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Заңға сәйкес, енді қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндеттелмейді. Заңда Қазақстан азаматтарына қатысты жоғарыда көрсетілген ережелер алынып тасталады және Қазақстан азаматтары үшін олардың келісімімен ғана ерікті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі. Қазақстан азаматы үшін міндетті дактилоскопиялық тіркеу теңізшінің жеке куәлігін алған жағдайда ғана сақталады.
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заңда белгіленген жағдайларда 16 жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін міндетті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі. Заңға сәйкес дактилоскопиялық тіркеуге қатысты ережелер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, - деп ақпарат берді Сенат баспасөз қызметі.
Сенат депутаттары заңды екінші оқылымда мақұлдады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға