Қазақстандықтар қажылыққа отандық әуе компанияларымен де бара алады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылғы қажылық маусымында Қазақстан азаматтарын қажылыққа тасымалдайтын әуе компаниялары арасында өткізілген байқау қорытындысын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Негізгі тасымалдаушылар: қазақстандық Air Astana және Scat әуе компаниялары, саудиялық Flynas әуе компаниясы; Қосымша, арзан қызмет көрсетушілер: Jazeera және Air Arabia әуе компаниялары.
Қажыларымыз Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Ақтау қалаларынан ұшаққа отырып, Жидда (Мекке маңындағы қала) және Медина қалаларына сапар шегеді. Әуе тасымалдауды демонополизациялау арқылы ҚМДБ тарапынан қажыларға қолайлы жағдай жасалды. 2023 жылдан бері атқарылаған жұмыстың нәтижесі бойынша өткен жылдармен салыстырғанда қажылықтың әуе билетінің құны 300-400 АҚШ долларына дейін арзандады және қажылардың қалаған әуе компаниясымен сапарға шығуына мүмкіндік жасалды, – делінген ҚМДБ хабарламасында.