Қазақстандықтар жыл сайын 25 қазанда атап өтілетін Республика күніне орай демалыс алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл Республика күні жұмаға сәйкес келеді.
Сондықтан бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады:
- 25 қазан, жұма – Республика күні, ресми демалыс;
- 26 қазан, сенбі – әдеттегі демалыс;
- 27 қазан, жексенбі – әдеттегі демалыс.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер қосымша демалыс күнін пайдалана алады. Бірақ 26 қазан жұмыс күні болады.
Еске сала кетсек, Республика күні мерекесіне орай демалыс 2022 жылдан бастап беріліп келеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

