Жаңалықтар

Қазақстандықтар «инфосығандарды» заңмен жазалауды ұсынды

Қазақстандықтар «инфосығандарды» заңмен жазалауды ұсынды
Фото: © El.kz 23.11.2023 12:42 591

Қазақстанда «инфосығандарға» қарсы онлайн петиция басталды. Құжат авторлары биліктен пайдасыз курстарды сатқаны үшін блогерлерге қатысты жазаны күшейтуді талап етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Петиция авторы Серік Әбішев бүгінде ел ішінде блогерлердің ықпалы артып келе жатқанын, оның аясында алаяқ сарапшылар қазақстандықтарға сапасыз өнімдерін сататынын айтқан.

Блогерлердің көпшілігі өзін бизнес-тренер,коуч және мотиватор ретінде көрсетіп, адамдарға арманындағы өмірге жету үшін курс, нұсқаулық немесе кітап сатып, жетістікке жетуге уәде береді. Шындығында бұл өнімдердің практикалық құндылығы жоқ.

Бұл адамдар өздерін сарапшы ретінде көрсетіп, пайдасыз ғана емес, шындыққа жанаспайтын, тіпті зиянды ақпаратты да насихаттайды. Сонымен қатар, елімізде инфосығандардың ықпалы шынайы құнды ақпараттық өнімдерді ұсынатын нағыз сарапшылардың беделіне кері әсерін тигізуде», - делінген Alash.online сайтында жарияланған петиция мәтінінде.

Әбішев пайдасыз ақпараттық өнімдерді құруға және сатуға байланысты қызметті тоқтатуға, сондай-ақ осы мәселеде халыққа білім беруді бастауға мүмкіндік беретін заңнамалық шаралар қабылдауды талап етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға