instagram.com/championsleague

Қазақстандықтар Чемпиондар лигасының парақшасын «шабуылдады»

Дастан Сәтпаевтың суреттері жарияланған УЕФА Чемпиондар лигасының жазбасы қазақстандық жанкүйерлердің арқасында рекорд орнатты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

УЕФА Чемпиондар лигасының Instagram-дағы ресми парақшасында «Қайрат» клубының ойыншысы Дастан Сәтпаевтың суреттері жарияланды. Жазбада «Сәтпаев» деп көрсетіліп, Қазақстанның туы бейнеленген.

Қазірдің өзінде қазақстандықтар жазбаның астына шамамен 23 мыңнан астам пікір қалдырған. Салыстырмалы түрде айтсақ, аккаунттағы әлемдік футбол жұлдыздарының суреттері де ары кетсе 6 мың ғана пікір жинайтын.

«Олар парақшасының қаралымын қалай көтеруді біледі, қазақтар пікір жазып тастайтынын біледі»,

«Криштиану мен Месси жайлы жазбалар да мұндай лайк пен пікір жинаған жоқ»,

«Дастан, біз сенімен мақтанамыз», «Дастан, жарайсың, бұл тек бастамасы», - деп жазған көпшілік.

Сонымен қатар, жанкүйерлер Қазақстан туының эмодзилерін мыңдап қалдырған. Ал жазбаның өзі 174 мың лайк жинап үлгерді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от UEFA Champions League (@championsleague)

Айта кетейік, бұдан бір күн бұрын Алматының «Қайрат» клубы УЕФА Чемпиондар лигасы аясында сырт алаңда Португалияның «Спортингінен» ірі есеппен жеңіліп қалған еді.