Жаңалықтар

Қазақстандықтар +997 кодына неге ауыспады? Министр жауап берді

Қазақстандықтар +997 кодына неге ауыспады? Министр жауап берді
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы 18.06.2024 12:19 2631

Үкімет баспасөз мәслихатында тілшілер цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиевтен +997 кодына қазақстандықтар неге ауыспағанын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ өкілі: «Бұған дейін еліміз +997 кодынан бас тартқаны, +7-де қала беретіні туралы ақпарат тарады. Бұған не себеп болды?», - деп сұрады.

Аталған сауал бойынша Мәдиев +7 кодын қолданатын адамдарға бұл ыңғайлы екенін айтты.

Адамдарға телефон бағдарламасын және телефондағы нөмірлерін ауыстырмас үшін +7 қолайлы. Сондықтан +7 кодында қалу тиімді, – деді Мәдиев.

Тілшілер +997 кодына ауыстыру жөнінде біраз жұмыс жасалғанын және қанша қаржының желге ұшқанын сұрады.

Қанша қаражат кеткенін мен қазір айта алмаймын. Бірақ сараптама бойынша +7 кодында қалу дұрыс деп ойлаймыз, – деп цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі жауапты қысқа қайырды.

Айта кетейік, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстанда телефон кодын +7-ден +997-ге өзгерту туралы айтқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға