Қазақстандық зілтемірші Азия ойындарында бесінші орын алды
27.10.2025 19:10
Фото:
ҚР ҰОК
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Снежана Кашкарова Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында сынға түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлде үшін бақ сынады.
Қоссайыс қорытындысы бойынша Кашкарова 161 (70+81) келіні еңсеріп, бесінші орынды иеленді.
Алтын медальді Қытай спортшысы Лань Синьи жеңіп алды - 170 (77+93) келі.
Күміс жүлде Солтүстік Корея өкілі Джу Ген Кимге бұйырды - 168 (76+92) келі.
Қола жүлдені Филиппин спортшысы Александра Диас иеленді - 162 (70+92) келі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

