Қазақстандық жүзушілер әлем чемпионатында бақ сынады
Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
12.12.2024 06:30
142
Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында үшінші рет ел рекордын жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық жүзушілер Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионатында ел рекордын жаңартуды жалғастыруда.
11 желтоқсанда спортшыларымыз 4х50 метрлік аралас эстафетада жаңа рекорд жасады.
Аделаида Пчелинцева, Әділбек Мусин, Глеб Коваленя және Ксения Игнатова эстафетаны 1:42.20 уақытта аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан рекордын Софья Сподаренко (50 метр баттерфляй) және ерлер құрамасы 4х100 метр еркін стильдегі эстафетада жаңартқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде өңдеу өнеркәсібі дамып келеді