Жаңалықтар

Қазақстандық желаяқ, әлем чемпионы Нора Джерутоның басы дауға қалды

Қазақстандық желаяқ, әлем чемпионы Нора Джерутоның басы дауға қалды
Фото: ©AFP/Getty Images/Jewel SAMAD 08.04.2023 09:36 901

Жеңіл атлетикадан Әлем чемпионы, Қазақстан құрамасының мүшесі Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Athletics Integrity Unit (AIU) ұйымы қазақстандық спортшыны алда болатын жарыстардан уақытша шеттетті. AIU сайтында Нора Джерутоның күдікке ілінгені туралы жазба 5 сәуірде берілгені айтылған. Тағылып отырған күдіктің егжей-тегжейі туралы мәліметте:

Тыйым салынған затты/тәсілді (ABP) қолдану (2.2 бап), - деген сипаттама берілген.

Кения тумасы Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2019 - 2022 жылдар аралығында Қазақстан атынан жарыстарға қатысу құқығын рәсімдеумен айналысты. Қазақстан атынан ресми жарыстарға қатыса бастаған спортшы 3000 метр қашықтыққа кедергілермен жүгіру сайысында Әлем чемпионы атанды. Бұл Қазақстанның жеңіл атлетикадан Әлем біріншілігінде иеленген алғашқы алтын медалі еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға