Қазақстандық жас теннисшілер Германиядағы жарыста жеңіске жетті
08.08.2023 16:18
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық жас теннисшілер Баварияда (Германия) екінші санаттағы Tennis Europe сериясы бойынша өткен Junior Bavarian Open 2023 жарысында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Әдия Омарбек жекелей сында финалға дейін жетіп, онда корт иесі Франческа Парселлиге есе жіберді – 2:6, 2:6.
Есесіне жұптық сында чемпиондық атақ қазақстандықтарға бұйырды. Титул үшін бәсекеде Линара Бөлешева мен Кристина Крученко аустралиялықтар Отт – Расселді қапы қалдырды – 6:3, 6:2.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

