Қазақстандық жас теннисшілер ATP рейтингінде жоғарлады
01.12.2025 14:18
Фото:
olympic.kz
ATP кәсіби теннисшілер қауымдастығының ресми сайты жаңартылған рейтингін жариялады. Соңғы нәтижелерге сәйкес, Қазақстанның жас таланттары Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлы ересектер турнирінде елеулі ұпай жинап, әлемдік рейтингте айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Еліміздің ең үздік жас теннисшілерінің бірі, 18 жастағы қарағандылық Әмір Омарханов, рейтингте 241 сатыға жоғарылап, 859-орынға шықты. Ол қазір 27 ұпайға ие. Бұл өткен кезеңдегі 1115-орынмен салыстырғанда айтарлықтай серпіліс болып отыр.
Ал 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы алғаш рет кәсіби ұпайлар жинады. Жас теннисші дебюттік рейтингте 1742-орында, 2 ұпай жинаған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

