Жаңалықтар

Қазақстандық жас теннисшілер Албаниядағы жарыста жеңімпаз атанды

Қазақстандық жас теннисшілер Албаниядағы жарыста жеңімпаз атанды
Фото: ktf.kz 08.05.2024 04:30 865

Қазақстандық жас теннисшілер Линара Бөлешева мен Медина Өтепберген Албанияда 16 жасқа дейінгілер арасында өткен Tennis Europe турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Теннис федерациясының мәліметінше, жас спортшылар жұптық сында финалда италиялықтар Иецца — Маффиді тартысты матчта 6:2, 4:6, 10:2 есебімен тізе бүктірді.

Ал жекелей сында Линара Бөлешева финалға дейін жетіп, онда жарыстың 6-ракеткасы, түркиялық Сера Хасанбасоглуға жол берді — 3:6, 3:6. 

Линараның белгілі футболшы, кезінде Қазақстан құрамасында доп тепкен Әлібек Бөлешевтің қызы екендігі мәлім. 

Айта кетейік, Тунисте ITF Juniors J60 сериясы бойынша дода аяқталды. Тағы бір қазақстандық Зара Дәркен жұптық сында финалға дейін жетті. Ол жекелей сында жартылай финалда ойнауы тиіс болатын. Бірақ басқа жарысқа кетуіне байланысты Зара Дәркен соңғы кездесулерін өткізе алмады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға