Жаңалықтар

Қазақстандық жас теннисші Армениядағы турнирдің абсолютті чемпионы атанды

Қазақстандық жас теннисші Армениядағы турнирдің абсолютті чемпионы атанды
Фото: ҚР теннис федерациясы 11.06.2023 09:17 614

Заңғар Нұрланұлы Армения астанасы Ереванда 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J30 TSAGHADZOR GOLDS'S GYM CUP 1 турнирінің абсолютті чемпионы атанды,  деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚР теннис федерациясына сілтеме жасап. 

14 жасар Заңғар жекелей және жұптық сында тамаша өнер көрсетті. Финалда қазақстандық теннисші жарыстың бірінші ракеткасы, чехиялық Якуб Смычекті тізе бүктірді – 7:5, 6:1,

Отандасымыз дода барысында Аустрия жасөспірімдер құрамасы көшбасшыларының бірі Максимилиан Хейдельмайермен аса тартысты кездесу өткізді. Үш сетке созылған матчта қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды. Соңғы партияда қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады – 6:0.

З.Нұрланұлы М.Хейдельмайермен бірге жұптық сында финалда ресейліктер Максим Колобов – Родион Малмыгинді ұтты – 6:7, 6:4, 10:6.

Бұл – Заңғар Нұрланұлының халықаралық теннис федерациясы өткізген жарыста жекелей сындағы екінші титулы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға