Жаңалықтар

Қазақстандық жас дзюдошылар Еуропа кубогінде көш бастады

Қазақстандық жас дзюдошылар Еуропа кубогінде көш бастады
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы 31.07.2023 12:07 1045

Қазақстанның дзюдодан жастар құрамасы Еуропа кубогінде көш бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқи отырыңыз:

ҚазАқпараттың мәліметінше, 29-30 шілде күндері Германия астанасы Берлинде жастар арасындағы Еуропа кубогіне дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы қатысты. Екі күнге созылған байрақты бәсекеде ел құрамасы 3 алтын, 5 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде бірінші орынға тұрақтады.

Турнир жеңімпаздарының тізімі келесідей: 
1-орын: Аман Бақытжан (60 кг) – алтын, 
1-орын: Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг) – алтын, 
1-орын: Максим Мейірлан (81 кг) – алтын, 
2- орын: Нұрайлым Сәрсенбек (48 кг) – күміс, 
2-орын: Аружан Ережепова (52 кг) – күміс, 
2-орын: Жалғас Хайрулла (81 кг) – күміс, 
2-орын: Құдірет Досымов (90 кг) – күміс, 
2-орын: Карина Такиева (+78 кг) – күміс, 
3-орын: Жанарыс Рахметқали (66 кг) – қола, 
3-орын: Нұржан Бисенов (81 кг) – қола. 
Айта кетейік, Еуропа кубогіне барлығы 29 елден 300-ге жуық жас татами шеберлері қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға