Қазақстандық жас боксшы кәсіпқой бокстағы дебютін нокаутпен бастады
05.04.2025 19:05
Фото:
ҚР ҰОК/Нұрғали Жұмағазы
Қазақстандық жас боксшы Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада өткен бокс кешінде жартылай орта салмақтағы (69,9 келі) жерлесіміз чехиялық Йиржи Хаукемен (4-6, 2 КО) кездесті. Алты раундқа есептелген жекпе-жек үшінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Мұның алдында ол қарсыласын нокдаунға да жіберген.
Айқас барысында Төрехан тамаша техника көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Осылайша, Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. Ал Йиржи Хауке мансабындағы жетінші жеңілісіне ұшырады.
Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО) кездеседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

