Kazakhstan Cycling Federation

Қазақстандық велоспортшы 24 жасында көз жұмды

24 жасында қазақстандық велосипедші Дінмұхамед Ұлысбаев өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өзінің спорттық мансабында Дінмұхамед тасжолдағы велоспорт бойынша Азия чемпионатын жеңді, Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы атанды, сондай-ақ бірнеше рет ұлттық чемпионатта жүлдегер болды.

Қазақстанның велосипед спорты федерациясы Дінмұхамед Ұлысбаевтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оның өмірден өтуі – бүкіл велосипедшілер қауымдастығы үшін ауыр қаза, - делінген федерация таратқан мәліметте.