Жаңалықтар

Қазақстандық үздік дизайнер қолөнерге тегін үйретеді

Қазақстандық үздік дизайнер қолөнерге тегін үйретеді
Фото: El.kz 15.03.2023 17:04 3208

Еліміз үшін қазақтың ұлттық құндылықтарының маңызы қашанда зор. Оны барша әлемге дәріптеп, ұлт өнерін ұлықтап жүрген тұлғалар да жетерлік. Бүгін біз жақында ғана «Дизайнер №1» деген марапатқа ие болған, дизайнер, қолөнерші Бибігүл Карденованың жұмыс орнына барып, шығармашылығымен жақынырақ танысып қайттық.

Қазақстандық үздік дизайнер қолөнерге тегін үйретеді

Кейіпкеріміз Бибігүл Лаубайқызы қолөнермен айналыспастан бұрын әртүрлі салада қызметте болған. Ұстаздық етіп, мәдениет саласында да жұмыс істеген. 50 жасына дейін ізденіс үстінде болып, өзінің жүрегіне, жан дүниесіне жақын кәсібін тапқан. Дизайнердің өз ісіне деген адалдығы сонша, кейде үздіксіз 20 сағат жұмыс істейтін кездері болады екен.

Өзімнің дизайнерлік кәсібіммен айналысып келе жатқаныма 3 жылға жуықтап қалды. Сол уақыт аралығында 300 шәкіртті тегін тәрбиелеп шықтым. Оның 21-і қазіргі таңда менімен бірге жұмыс істейді, - дейді ол.

Дизайнердің шәкірттерінің арасында шетелдіктер де, мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Олардың басым бөлігі қазіргі таңда үйде отырып кәсібін дөңгелетіп отыр.

Қазақстандық үздік дизайнер қолөнерге тегін үйретеді

Қазақстандық үздік дизайнер қолөнерге тегін үйретеді

Қолөнерші жұмыс орнында ұршықпен жіп иіруді көрсетті. Егер адам оған бар зейінін арнайтын болса, небәрі 3 сағаттың ішінде үйреніп шығуға болады дейді. Ал толық әдіс-тәсілін меңгеріп шығу шамамен 4-5 күндей уақытты қажет етеді.

Қазақстандық үздік дизайнер қолөнерге тегін үйретеді

Бибігүл ханым өзінің авторлық жұмысы, жібек мата мен жүннен тігілген этно стильдегі көйлегімен таныстырды.

Қазақстандық үздік дизайнер қолөнерге тегін үйретеді

Қазақстандық үздік дизайнер қолөнерге тегін үйретеді

Қолөнерші талдырманың қалай дайындалатынын көрсетті. Жасалған жүнге оюды сабынды сумен бастырды. Қолөнерге келген шәкірттері алдымен талдырма жасау тәсілін меңгереді екен.  

Қазақстандық үздік дизайнер қолөнерге тегін үйретеді

Сондай-ақ Бибігүл Карденова екі шәкіртіммен бірге 3 ай бойы  жасап жатқан сырмағын көрсетті.

Бұл сырмақты немеремелеріме арнап дайындап жатырмын. Оның жұмысы толығымен біткен жоқ. Кейін сырмақты немерелерім «әжемнің көзі» деп сақтап жүреді, - дейді ол.

Бибігүл ханымның жұмыс орнымен таныс болғаннан кейін дүкеніне бардық. Ол жерде қазақша киімдер мен қолдан тігілген доп, жастық, орамалдың түр-түрі бар.

Қазақстандық үздік дизайнер қолөнерге тегін үйретеді

Қазақстандық үздік дизайнер қолөнерге тегін үйретеді

Дизайнер Бибігүл Лаубайқызының шәкірттерінің бірі Жайна Бошайқызы. Ол қолөнер саласындағы біліктілігін арттырғысы келеді.

Қазақстандық үздік дизайнер қолөнерге тегін үйретеді

Бибігүл ұлт үшін еңбек етіп жүрген еліміздің мақтантұтар азаматшаларының бірі. Өз басым оны қатты құрметтеймін. Бізді құрбы ретінде таныстырған да, табыстырған да Бибігүлдің өнері. Қазіргі таңда қолөнер шеберін меңгеруді үйреніп жатырмын, - деді Жайна Бошайқызы.

Бибігүл Карденова сияқты қазақтың мәдениетін, өнерін насихаттауға үлесін қосып жатқан тұлғалардың бар екені бізді қуантады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға