Жаңалықтар

Қазақстандық үш жас теннисші Тегерандағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық үш жас теннисші Тегерандағы турнирдің ширек финалына шықты
Фото: ktf.kz 29.06.2023 16:07 871

Үш қазақстандық теннисші Иран астанасы Тегеранда 18 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан ITF Juniors J100 TEHRAN турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, беделді жарыста Әмір Омарханов (299 ITF Juniors), Заңғар Нұрланұлы (692 ITF Juniors) және Даниал Рахматуллаев (435 ITF Juniors) табысты өнер көрсетіп жатыр.

Екінші айналымда Әмір Омарханов швециялық Альфонсо Ридстремді 4:6, 7:5, 6:2 есебімен тізе бүктірсе, Заңғар Нұрланұлы үндістандық Хитеш Чуханды қапы қалдырды – 6:4, 3:6, 6:4. Ал, Даниал Рахматуллаев ирандық Амирали Гавамды жолдан тайдырды – 6:3, 6:0.

Жұптық сында Ә. Омарханов болгариялық Иван Найденовпен бірге жартылай финалда тағы бір қазақстандық Жақас Қозыбақ – ресейлік Дмитрий Буртцевпен шеберлік байқасады. Жеңген жұп финалға шығады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға