Қазақстандық туристер арасында ең танымал елдер аталды
08.06.2023 11:13
Фото:
©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
2023 жылғы бес айда қазақстандық туристер ең көп барған елдер анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, отандық туристер арасында ең танымал бағыт – Біріккен Араб Әмірліктері.
Сонан соң Таиланд, Египет, Түркия бар. Сонымен қатар соңғы уақытта жаңа бағыт – Вьетнамға да қазақстандықтар жиі баратын болған.
«Туристік Қамқор» қазақстандық туристер барған ең танымал бағыттардың тізімін жасады:
БАӘ-ге 71 285 қазақстандық барған;
Таиланд – 68 298 адам;
Египет – 67 407;
Түркия – 33 032;
Вьетнам – 25 697;
Үндістан – 6015;
Мальдив аралдары – 3120;
Катар – 2346 турист.
Министрлік осы уақыт аралығында шетелде 280 748 қазақстандық турист демалып келгенін айтты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

