Қазақстандық триатлоншы Бахрейндегі Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды
23.10.2025 09:35
Фото:
ҚР ҰОК
Триатлоннан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Рамазан Айнегов Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жарыс «суперспринт» бағдарламасы бойынша өтті.
Қазақстан намысын екі спортшы қорғады. Нәтижесінде Рамазан Айнегов екінші болып мәре сызығын кесті. Ал Артем Бедрин жетінші орын алды.
Жарыс жеңімпазы - қытайлық Ли Янсон, оңтүстіккореялық Ву Хён Кан үздік үштікті түйіндеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

