Қазақстандық триатлоншы Азия кубогында жүлдегер атанды
05.07.2023 01:23
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Оңтүстік Кореяның Седжон қаласында триатлоннан Азия кубогы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ерлер арасында «элит» санатында отандасымыз Аян Бейсенбаев қола жүлдеге қол жеткізді. Ол белгіленген қашықтықты 52 минут 54 секундта бағындырды. Аян күміс жүлде алған жапониялық Рен Сатодан 7, чемпион атанған жапониялық Аоба Ясумацудан 20 секунд қалып кетті. Жалпы жарыс жолына 60-тан астам атлет шыққанын айта кетейік.
Құрлық кубогының жалпы жүлде қоры 12 мың АҚШ доллары. Оның ішінде чемпиондар 1500, күміс жүлдегерлер 1200, 3-орын алған триатлоншылар 900 долларға ие болды. Биылғы жарысқа 14 елден 100-ден астам кәсіби спортшы жиналған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

