Бокс федерациясы

Қазақстандық төрт боксшы Азия чемпионатының финалында бақ сынайды

Бокстан Бангкокта өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Турнир аясында әйелдер арасындағы жартылай финалдық кезең аяқталды. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының төрт боксшысы финалға жолдама алды.

Алтын жүлде үшін Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) және Әсел Тоқтасын (80 келіге жоғары) жұдырықтасады. 

Турнир алдында жастардан ерлер құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев іріктеу жұмыстары қалай өткенін және алдағы жоспарлары туралы айтып берген еді