Қазақстандық тоғыз боксшы Азия чемпионатының финалына өтті
08.12.2024 22:08
Фото:
ҚР ҰОК
Қазақстан ерлер құрамасының 9 боксшысы финалдық бәсекеге жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сары құрлық біріншілігінің алтын медаліне таласатын отандық боксшылар:
Бекзад Нұрдәулетов
Сағындық Тоғамбай
Айбек Оралбай
Диас Молжігітов
Абылайхан Жүсіпов
Дулат Бекбауов
Оразбек Асылқұлов
Махмұд Сабырхан
Санжар Тәшкенбай
Финал 11 желтоқсан күні өтеді. Жарыс Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатыр.

