Қазақстандық теннисшілер United Cup турнирінің ширек финалына шықты
30.12.2024 14:35
Фото:
ҚР ҰОК
Теннистен Қазақстанның құрамасы Аустралияда өтіп жатқан аралас командалар арасындағы United Cup турнирінің ширек финалына бірінші орынмен шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еске сала кетейік, біздің құрама С тобына түскен еді. Бірінші кездесуде қазақстандық теннисшілер Испанияны 2:1 есебімен жеңді.
Екінші матчта Қазақстанға қарсылас ретінде Грекия шықты. Александр Шевченко әлемнің 11-ракеткасы Стефанос Циципасты 6:4, 7:6 есебімен жеңді.
Кейіннен Елена Рыбакина Мария Саккариді 6:4, 6:3 есебімен ұтып, Қазақстанды мерзімінен бұрын ширек финалға шығарды. Грекияға қарсы матчтағы үшінші ойын турнирлік маңызға ие болмайды.
Айта кетейік, біздің құрама плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты.
Келесі қарсылас кейінірек анықталады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

