© Pixabay.com

Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирде үздік нәтиже көрсетті

05.11.2023 18:49
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Монастир (Тунис) ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі теннис федерациясына сілтеме жасап. 

Отандасымыз қытайлық Гао Синьюймен бірге финалда Алена Фалей (Беларусь) – Полина Яценкомен (Ресей) шеберлік байқасқан болатын. Ол бірінші партияда қазақстандық-қытайлық дуэт қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Ал екінші сетте белоруссиялық-ресейлік жұп есе қайырды – 6:2. Супер тай-брейкте Құламбаева мен Синьюй жеңісті жұлып алды – 10:7 есебімен аяқтап, жұптық сында кезекті титулына қол жеткізді.

Сондай-ақ, тағы бір отандық теннисші Бейбіт Жукаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирінің финалына шығып отыр. Жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 254-орында тұрған, өзінен бір жас үлкен америкалық Патрик Кипсонмен шеберлік байқасқан болатын. А.Жукаев матч басталысымен-ақ бірден брейк жасап, 2:0 есебімен алға кетті. Сол басымдықты уысынан шығарған жоқ – 6:4. Сонымен қоса ол екінші сетте Бейбіт тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).

Енді Бейбіт соңғы бәсекеде қос америкалық, әлемнің 376-ракеткасы Айдан Mayo немесе рейтингте 458-сатыдағы Итан Куиннің біреуімен бас жүлдені сарапқа салмақ.