Қазақстандық теннисшілер әлем чемпионатына жолдама алды
01.05.2023 23:09
Фото:
Қазақстан үстел теннисі федерациясы
Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) қазақстандық Анастасия Лаврованың (Астана) әлем чемпионатына жолдама алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Лаврова жекелей сында және аралас сында Кирилл Герасименкомен бірге жолдамаға иелік етті.
Әлем чемпионаты ОАР-дың Дурбан қаласында 2023 жылғы 20 мамыр 28 мамыр аралығында өтеді.
Әлем чемпионатында бақ сынайтын қазақстандық теннисшілер:
Кирилл Герасименко – жекелей сын, жұптық және аралас сын;
Алан Құрманғалиев – жұптық сын;
Айдос Кенжеғұлов – аралас сын;
Денис Жолудев – жұптық сын;
Сағантай Құрмамбаев – жұптық сын;
Зәуреш Ақашева – жекелей сын, жұптық және аралас сын;
Анастасия Лаврова – жекелей сын, жұптық және аралас сын;
Сарвиноз Миркадирова – жекелей сын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

