ҰОК

Қазақстандық теннисші Швейцариядағы турнирде жеңімпаз атанды

20.07.2025 17:45

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Швейрацияның Гштаад қаласында өткен топырақты корттағы ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Отандасымыз ақтық сында аргентиналық Хуан Мануэль Серундоломен өзара мықтыны анықтады.

2 сағат 7 минутқа созылған бәсекеде Бублик 13 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың төртеуін өз еншісіне жазды. Осылайша, 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл - Александр Бубликтің топырақты корттағы алғашқы финалы.