© Оlympic.kz

Қазақстандық теннисші Сербияда жеңіске жетті

29.05.2023 04:14

Қазақстандық Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өткен ITF W15 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлемнің 447-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы Жібек Құламбаева финалда дүниежүзілік рейтингте 771-сатыда тұрған грекиялық Элени Христофимен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық теннисші 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.

Осылайша, Жібек Құламбаева чемпион тұғырына көтерілді.