Қазақстандық теннисші Рим жарысының жартылай финалына жолдама алды
28.04.2023 09:45
Фото:
Olympic.kz
Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Рим челленджер жарысының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге екі кездесуін сәтті өткізді.
А.Голубев пен Д.Молчанов алдымен италиялықтар Алессио Балестриери – Джанмарко Гандолфиді жолдан тайдырды – 6:0, 6:1.
Содан кейін ширек финалда тартысты бәсекеде эквадорлық Диего Идальго – финляндиялық Патрик Никлас-Салминенді сүріндірді – 6:3, 2:6, 10:4. Бұл матчта қазақстандық-украиналық жұп 3 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.
А.Голубев пен Д.Молчанов финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, франциялықтар Садио Думбия – Фабьен Ребульмен таласады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

