Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Канададағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті

Қазақстан құрамасының теннисшісі Юлия Путинцева Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бірінші айналымда ол Қытай өкілі Ханьюй Гомен кездесіп, екі сетте де жеңіліп қалды. Кездесу 6:3, 6:3 есебімен қытайлық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Осылайша, турнирде Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан жалғыз спортшы – Елена Рыбакина қалды. Ол жарысты екінші айналымнан бастайды. Қарсыласы – АҚШ өкілі Хейли Баптист.