Жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Братиславадағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Братиславадағы турнирдің финалына шықты
Фото: olympic.kz 14.10.2023 05:37 973

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев жұптық сында Братислава (Словакия) челленджер турнирінің финалында өнер көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Украиналық Денис Молчановпен жұптасып ойнаған Голубев жартылай финалда доданың екінші ракеткалары уругвайлық Ариэль Бехар – чехиялық Адам Павлашекпен өзара кім мықтыны анықтады.

Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Голубев – Молчанов жұбы қарсыластарынан 6:3, 6:3 есебімен басым түсті. Олар 2 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды.

Андрей Голубев – Денис Молчанов финалда үндістандық Шрирамбалай Нараянасвами – германиялық Андре Бегеманмен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Бұған дейін қазақстандық теннисші Анна Данилина Гонконгтегі турнирдің жұптық сынында екінші матчын өткізгенін жазғанбыз

Ресейлік спортшы Александра Пановамен жұп құрған жерлесіміз ресейлік дуэт Софья Лансере — Камилла Рахимовадан екі сет қорытындысы бойынша басым түсті – 6:3, 7:6.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға